Кітап жайлы өлеңдер


Кітапты алып қолына


Дәптердің әр жолына,
Шыймай салып отырсың.
Кітапты алып қолыңа,
Бірдеңе деп оқисың.
Тауып алдан жалғасам,
Жазым өтіп күз келсін.
Құдай сенің әрқашан,
Осы ынтаңды үзбесін.

Шалқар Кенесжаң.
Кітапты алып қолына. / Кенесжан Шалқар // Жыл – он екі ай. - 2010. - № 5. - 72 бет.

Кітап – Жеміс ағашы


Көрдің талай аралап
Мәуелі жеміс бақшасын.
Тәттілерін таңдап ап,
Жемісін қайта өнер ме?!
Кітап та – алма ағашы
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін...

Әлімбаев Мұзафар
Балдаурен: Өлеңдер, дастандар, жұмбақтар, жаңылтпаштар. – Алматы: Раритет, 2008. – 256 б.

Кітап туралы ой


Әкемді ажал ерте жалмапты ғой,
Мұра боп жалғыз том да қалмапты ғой...
Қолыма жаңа кітапалған сайын,
Басыма келеді бір салмақты ой:

Арқалап өткен кеше ата мұңы,
Кітабын жайсаң қазақ атаулының
Жетпес – ау кітапханам жартысына
Тізілген өз үйімде қатар бүгін.

...Адамзат алдындағы өр тұлғалы
Отаным! Сені ойлаймын мен туғалы.
Ақырғы тыныс бітіп сөнгенде де,
Кеудемде жатар кітап сен туралы.

Әлімбаев Мұзафар
Балдаурен: Өлеңдер, дастандар, жұмбақтар, жаңылтпаштар. – Алматы: Раритет, 2008. – 256 б.

Кітап – біздің досымыз


Адамның досы – кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысақ кітап сырын ашып неден.
Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
Кітаптар – бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің.
Оқисың кейде жаттап,
Көтеріп күйін көңілдің.
Елімізде де атақты,
Ғалым ата не тапты?
Бәрін, бірін білесің,
Оқи берсең кітапты.

Шаймолданова К. Ж.
Кітап – біздің досымыз. / К. Ж. Шаймолданова // Бастауыш мектеп. - 2008. - № 5. - 52 б.

«Кітап білім бұлағы»


Білім алар көп адам
Жақсы нәрсе жоқ одан.
Қызыға кеп оқимын,
Кітап көрсем жаңадан.
Кітап – маған ұнады,
Кітап - білім бұлағы.

Кетпейді ешбір жадымнан
Тастамай сені жанымнан
Қолтықтап жүрдім ұдайы.
Кітап – білім бұлағы

Сазанбаева Динара Кәрияқызы.
«Кітап білім бұлағы» / Динара Кәрияқызы Сазанбаева . // Тәрбие сағаты. - 2009. - № 1. - 16 б.

«КІТАП – ақылшың, әрі досың»


Кітап!
Сен адамзаттың жақын досы,
Келмейді сені оқымай көңіл қошы.
Ел мұны, өмір сыры, ақын жыры,
Басылған таңба болып өзіне осы.

Кітап,
Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсиетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.

Кітап!
Сен адамзаттың жақын досы!
Келмейді сөзі сені оқымай көңіл хошы.
Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,
Басылған таңба болып өзіңде осы.

Кітап!
Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсиетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.

Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл, терең білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Кітап – ең сабырлы ұстаз, үндемес серік.

Кітабың – сенің құралың,
Жағар білім шырағын.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адам.

Бейсенгожанова Ш. Н.
«КІТАП – ақылшың, әрі досың» / Ш. Н. Бейсенгожанова // Тәрбие сағаты. – 2010. - № 5. – 7 б.

жоғарғы бет