Кітап – ең сабырлы ұстаз
Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен Кітап – мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады. Кітап – адамзат баласына ағарту һәм білім сыйлай береді. Кітап беттерінде адамзат тіршілігінің сан қилы құпия сырлары сақталған. Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі. Адамзат кітапқа өзінің қасиетті сезімі мен жан жылуын сеніп тапсырған. Кітап біздің алға жылжуымызда, катаклизмдерден арылуымызда, адамгершіліктің биік шыңына көтерілуде өлшеусіз ақыл қосады. Кітап – ең сабырлы ұстаз. Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның ара жігін айнытпай танып білуге үйретеді. Кітапты аялайық, құрметтейік, кітапқа адал болайық!
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті
Ұлылардың кітап жайлы айтқаны
Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге.
Абай ҚҰНАНБАЕВ
Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады.
Мұхтар ӘУЕЗОВ
Кітап – өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.
Серке ҚОЖАМҚҰЛОВ
Кітап – заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі.
Ф. БЭКОН
Кітап дегеніміз алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа арнап қалдырған рухани өсиеті, қаусаған қарттың өмір есігін жаңа ашқан жасқа өлер алдында айтқан ақылы, тынығуға кеткен сақшының өз орнына келген сақшыға берген бұйрығы болып табылады.
Л. И. ГЕРЦЕН
Кітап – адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді, біз бір уыс күл топыраққа айналамыз, ал кітаптар дәл бір темір мен тастан қашалып жасалған ескерткіштердей, ғасырлар бойына сақталады.
М. АЙБЕК
Жақсы кітап – жақсы қоғам тәрізді. Сен қандай кітаптарды оқығанынды айтшы, мен сенің кім екеніңді айтып берейін.
Н. И. ПИРОГОВ
Кітап – асып-таспайтын асыл досымыз.
В. ГЮГО
Жақсы кітап – ақылды адамның әңгімесімен бірдей.
Л. Н. ТОЛСТОЙ
Кітапты мөлшерлеп оқып, өлшеммен үйреніңдер, көбірек толғаныңыздар - ұстаздардан да, кітаптардан да қажеттісі деп қалағандарынды ала біліңдер.
Л. Н. ТОЛСТОЙ
Жақсы кітапты оқу өткен ғасырдағы кемеңгерлер мен ауызба-ауыз сөйлескенмен бірдей және олар өздерінің ең озық ақыл-ойларын алдымызға жайып салады.
Р. ДЕКАРТ
Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік.
Д. ДИДРО
Кітап – құдіретті қару. Ақылды, шабытты кітап көп ретте адам тағдырын шешеді.
В. А. СУХОМЛИНСКИЙ
Кітап оқымай, ой қызметін нәтижесіз өткізген құн – бекерге өмір сүрген күн.
В. А. СУХОМЛИНСКИЙ
Білімнің қайнар бұлағы, сенің рухани қазынаңның қайнар бұлағы – кітап. Өз кітапханаңды құра біл. Кітапты бір оқып қанағат тұтпа, қайтадан оқы.
В. А. СУХОМЛИНСКИЙ
Адамгершілігі жағынан мәдениетті адамдар, саналы еңбеккерлер кітапқа деген терең сүйіспеншілікке бөленген семьялардан өсіп шығады.
В. А. СУХОМЛИНСКИЙ
Кітап өміріңнің қиын сәттерінде сенімді сырласың болады, ешқашан өкіндірмейді.
А. ДОДЭ
Кітап оқу – міне, үйренудің ең жақсы түрі.
А. С. ПУШКИН
Кітаптар... – тәрбиенің маңызды жақтарының бірі ретінде, тәрбие жоспарына енуге тиіс.
В. Г. БЕЛИНСКИЙ
Кітап – ақылды қуаттаңдыратын құрал.
А. Я. КОМЕНСКИЙ
...егер кітапты оқи қалсаң, оқыған нәрсеңнің негізгі ойын көңілге тоқи біл.
СЕНЕКА
Кітап – әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі.
М. ГОРЬКИЙ
Қолына жақсы кітап түсірген адамның жалғызсырауы мүмкін емес.
К. ГОЛЬДОНИ
Табиғаттағы барша кітапты басынан аяғына дейін ешкімнің де түгел оқуы мүмкін емес. Болмыстың мақсаты: оны мүмкіндігінше ұзағырақ ұмытпау.
К. Э. ЦИОЛКОВСКИЙ
Жазушының оқуға арзитын ғана туындысын басу керек. Бұл аяулы ереже кітаптың санын азайтқанмен, оқушылардың талғамын арттыра түскен болар еді.
М. ВОЛЬТЕР
Жақсы кітапты алғаш оқығанда жаңа дос тапқандай боласың. Осы кітапты қайталап оқу – ескі досынды тағы да кездестіргенмен бірдей.
М. ВОЛЬТЕР
Кітапты оқуды жақсы көру дегеніміз – тіршілікте болмай тұрмайтын жабырқау сағаттарды таптырмайтын рахатқа бөлеу деген сөз.
Ш. МОНТЕСКЬЕ
Білімге құмартып, кітапты бүкіл жан дүниеңмен сүй. Ол сенің ең жақсы досың ғана емес, өміріңнің ақырына дейін сенімді серігің де.
М. А. ШОЛОХОВ
Бой билеп, шарықтап ой, нәзік сезім, Кітапқа – "алғыс айтам",– жалғыз өзім. Сенемін, өзіме-өзім сол уақытта Кадаймын келешекке үміт көзін.
Ғабдолла ТОҚАЙ
Кітапсыз адам өмірі – бос. Кітап біздің досымыз ғана емес, сонымен бірге біздің тұрақты мәңгілік серігіміз де.
Д БЕДНЫЙ
Кітаппен істес болу адаммен істес болуға әзірлейді.
Н. М. КАРАМЗИН
Кітап – коллективтік тәжірибе. Ұлы кітаптардың жиырмасын оқыған кісі ұлы өмірлердің жиырмасын бастан кешті деген сөз.
Рухында болашаққа ұмтылған жағдайда ғана кітап өміршең болмақ.
О. БАЛЬЗАК
Кітапқа да құрсақтағы бала сияқты мерзімді уақыт керек, санаулы апта бойында ат үсті жазыла салған кітап атаулы авторға қарсы сенімсіздік тудырады.
Г. ГЕЙНЕ
Асқар таудай зор кітапханалардын алдында тұрған қазіргі заманғы адам қат-қабат қалың құм ішінен алтынның түйірін іздеген адаммен бір тақылеттес.
С. И. ВАВИЛОВ
Кітап – мұхит, сол мұхиттан не терең? Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!
Павло ТЫЧИНА
Алдымен тандаулы кітапты оқыңдар, әйтпесе оларды мүлде оқи алмай қаласыңдар.
Г. ТОРО
Қайсыбір жақсы кітапты оқып шығып, өз өмірінің жаңа дәуірін ашқан адамдар қаншама!
Г. ТОРО
Творчестволық ойды нағыз жансыздандыратын нәрсе – шектен тыс оқу.
Р. РОЛЛАН
Ақылды кітап адамзаттың болашаққа қарап ілгері басқан жолында, қандай да болсын кедергіні жеңуіне көмектеседі.
Т. ХЕЙЕРДАЛ
Мәдениетті адам болып тәрбиеленуге екі құдіретті күш әсер етеді – көркем өнер мен ғылым. Бұл екеуіне де кітап бетінен дидарласасың.
М. ГОРЬКИЙ
Өз бойымдағы барлық ең жақсы қасиеттерім үшін кітапқа қарыздармын.
М. ГОРЬКИЙ
Егер мен байысам, тек қана кітап сатып алар едім.
М. ГОРЬКИЙ
Келешектің бақыты мен құдіретті күші жолында адамзат жаратқан күллі кереметтердің ең күрделі де ұлы кереметі кітап бола алады.
М. ГОРЬКИЙ
Кітап жинай берген мұрат емес, оқыған мұрат.
ПЛУТАРХ
Ойланбай оқу, шайнамай жұтқанмен бірдей.
Э. БОРК
...түрлі тақырыптарға ойлануға азық болатын кітап ғана жақсы кітап.
А. ФРАНС
Кітап оқудан артқан ермек жоқ және одан гөрі ұзақ рахат та жоқ.
М. МОНТЕНЬ
Кітаптар – кәріліктің ең жақсы достары, сонымен бірге жастықтың ең жақсы жетекшілері де.
С. СМАИЛС
Өзіңнің және өзгенің оқуына арнап кітаптар таңдау тек ғылым ғана емес, сонымен қатар өнер де.
Н. А. РУБАКИН
Өмір тым қысқа, бос сағаттар тым аз, сондықтан біз олардың бірде-бірін кұны шамалы кітаптарды оқуға шығынмдамауға тиіспіз.
Д РЕСКИН
Кітаптарды тандауда ғана емес, сонымен бірге оқудың өзіңде де кітаптан неғұрлым ақылға ақыл қосатындарын таңдай білу қажет.
С. И. ТАНЕЕВ
Бізге басқалардан көбірек ойлауға мәжбүр ететін кітаптар бәрінен пайдалы.
Т. ПАРКЕР
Бір оқып шығудан аспайтын нәрсе оқуға мүлдем тұрмайды.
К. БЕБЕР
Ғылымды зертейтіндерге кітап талтырмайтын нәрсе. Ол ұшқын атқан көзбен тең, шешен тілмен тең.
МЕНАНДР
Кітап ғасырларға сапар шеккен ақыл ескерткіші.
У ДЕВЕНАНТ
Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына.
Әлішер НАУАИ
Кітаптар – тәрбиенің маңызды жақтарының бірі ретінде тәрбие жоспарына енуге тиіс.
В. Г. БЕЛИНСКИЙ
...көркем кітап оқуға әуестігім азайып бара жатыр, сондықтан осының өзі менің жан дүниеме келген жамандықтың белгісі ме деп қорқам.
Ч. ДАРВИН
Өзінді – өзің тану үшін кітап керек. Өзгені де тану үшін кітап керек.
Расул ҒАМЗАТОВ
Кітап – үйдің ашулы тұрған терезесі.
Расул ҒАМЗАТОВ
Кітаппен дос бол, кітаптың жомарт беттері... Көзінді тосар, адал дос одан жоқ тегі.
Расул ҒАМЗАТОВ