Артқа

Күлзат ҚАНИҚЫЗЫ
Құдайберген Жұбанов атындағы
Ақтөбе мемлекеттік университеті
"Қазак тілі және кұжаттану"
кафедрасының меңгерушісі, доцент.

ДИСКУРС ТАҚЫРЫБЫНЫҢ
КОГНИТИВТІ-ФУНКЦИОНАЛЬДЫ
УӘЖДЕРІ

(Оралхан Бөкеев шыгармаларын талдау негізінде)

Дискурс тілдік әрекет пен оның нәтижесінің (мәтіннін) қосындысы (А.Е.Кибрик. Современные состояние лингвистики. http//www.kipnik-2004-Sovlinp) ретінде, сондай-ақ коммуникация барысында креативтік нұсқада (креативтік, референттік, коммуникативтік интенциялары негізінде) туындап, рецептивтік нұсқада (референттік, рецептивтік, коммуникативтік интенциялары негізінде) қабылданатын, онтологиялық негізін интерсубъективті мағыналар жүйесі құратын, субъективті мән мен нысанды таңбаларды жалғастырушы буынды түзетін күрделі коммуникативті жағдай сипатында танылады (В.И.Тюпа. Онтология коммуникации//Междунардная летняя школа коммуникативные стратегии культуры современные дисукурсивные практики. Новосибирск, 2000, 10-6.). Оның тақырыбының таңдалуы мен түсінілуінің қалыптасқан когнитивті-функциональды уәждері бар. Бүлар мәтін мен дискурс тақырыбын зсрттеу нысанына айналдырған ғылыми-зерттеулерде аталып та жүр (Т.В.Васильева. Когнитивные механизмы формирование и функцирование заголовка// Вестник МГУ Серия 19). Біз осындай зерттеулердің теориялык тұжырымдарына сүйене отырып нақты бір автордың, атап айтқанда О.Бөкеевтің дискурс тақырыптарының қойылуы мен түсінілуінің когнитивті-функциональды уәждерін анықтауға тырыстық.

"Ұйкым келмейді" жинағына (А., 1990) енген туындылар тақырыптарына талдау жасаудың өзі бізге тілдік форма қатарындағы жасырынған когнитивтік құрылымдарды, автордың санасындағы тақырып таңдауға итермелеген когнитивті құрылымдарды, себеп, мақсаттарды тануға, оқырмандардың оны қабылдаудағы, түсінудегі қолданысқа түсетін зандылықтарды айқындауға жол ашады. Жинақтағы тақырыптардың құрылымдық сипаты екі түрлі: 1) номинациялық немесе атауыштық сипатта, бұл қатарға мысал ретінде мынадай тақырыптарды атауға болады: Атау-кере (Қауіпті будан), Бастау, Көк тайынша, Бес тиын, Апамның астауы, Күлпәштің ұршығы, Қамшыгер т.с.с.;2) предикациялы сипаттағы, бүған мына тақырыптар қатары мысал бола алады: Маңдайдан бағың шалқайса, Іздегенін тапты ма?, Құмар қол бүлғапты, Тоқадан қалган тұяқ; Құлашаның шоты еді, Үйқым келмейді, т.с.с. Егер тақырып ретінде таңдалып тіркесімге түсірілген сөздердің лексика-семантикалық сипатына қарай талдау жасасақ, тағы бір ерекшелік анық көзге түсіп тұр, бұл тақырып құрамындағы сөздердің өзін семантикалық топтарға төмендегіше жіктеуге мүмкіндік беретіндігі: 1) жануарларға қатысты атаулармен берілгендер: Көк тайынша, Тортай мінер ақ боз ат, Қасқыр ұлыған түнде, Бура, Кербұғы; 2) Табиғат құбылыстары атауларымен: Бастау, Жасын, Сарыарқаның жаңбыры, Жылымық, Терісаққан, Мезгіл әуендері, Шұғыла, табиғат - адам - өмір; 3) адам аттары: Иғаң, Биғаң, Ардақ.

Фондық білімге бағдарлану прототиптік ұстаныммен бірлікте әрекет жасайды. Ол тақырып арқылы берілетін ақпараттың мағыналық бөліктерін (кейін бұлар мәтінде ашылады) орналастыруға қызмет етеді. Фондық білім мен оның категориялану құрылымын реттейді. Тіл тасымалдаушыларындағы эталондық үлгіні ескереді. Бұл айтылғанды О.Бөкеев туындысының "Апамның астауы", "Күлпәштің ұршығы", "Құлашаның шоты еді" тақырыптарының осы ұстанымдарға қатысын сөз ету арқылы түсініп корейік. Біріншіден, бүл үш тақырыптық атаудың үшеуі де оз астарында тұтас бір ой құрылымын, білімді, адамға тән психологияны ұстап, бейнелейтін аллюзивті тақырыптар. Олай деуімізге себеп - туынды мазмұнында астау, ұршық, шот тілдік бірлік ретіндегі тура мағынасындағы ұғымдарын білдіріп тұрған жоқ, яғни, әңгіме талқан-тары қауыздаған ыдыс туралы да, жіп иіруге арналған құрал туралы да, ағаш жонуға арналған құрал туралы да емес, сондай-ақ ауыспалы мәнде де қолданылып тұрған жоқ, олар фон қызметінде тұр, ал мәтін мазмұнын оқып шыққан соң ғана фигура ретінде танылды, себебі оның өзектенуі сол тұтас мәтін мазмұнына сай анықталады. Бұлардың прототиптік мағынасы - қазақтың үғымындағы "көненің көзі", "әкенің көзі", яғни қимастықтың, қадірлеудің туындауына себеп болатын түсінікпен сабақтас жатыр. Бірақ туындының атауыңдағы астау, ұршық, шоттың семантикасы прототиптен ауытқыған, олардың рәміздік мәні басты кейіпкерлердің -Апасының, Күлпәштің, Құлашаның - тірліктегі тіршілік әрекетінің бір бөлшегі ретінде ғана ұғынылады. Бұл үш әңгіменің үшеуінде де шындық өмірдің тірлігі сипатталғанмен, автордың мақсаты өмірдің өткіншілігі мен адамның тірі сәтіңде бағаланбай өлгенде бағаланатынын, қимас көңілге бір затының медеу болатынын танытатын идеясы көрінгенмен, алдыңғы әңгімедегі астау жақсының көзі мәнінде болса, соңғы екі әңгімедегі ұршық пен шот ауылдастарына жағымсыз бір қылықтарымен, атап айтқанда, қыдырымпаздықпен өзгелерді зәрезап қылған Күлпәштің, Құлашаның тірліктерінің белгісі. Тілдік таңба мазмұны мен оның формасының арасыңдағы табиғи байланыстылық уәжін икондық ұстаным мазмұндайды.

Икондық ұстаныммен қабаттаса жүретін, ұстаным түрі -айырықшалану. Сондай-ақ ол прототиптік ұстанымды да толықтырады. Айырықшаланумен мәтіннің семантикалық кеңістігіндегі ақпараттың бірдей бөлінбеуі ұғынылады. Фондық бөліктер мен ерекшеленген бөліктердің құрылымдық әрекеттесуі және тақырыптың коммуникативті уәжді айырықшалануы оның интерпретациялануына да әсер етеді, әрі 'фигура-фон "орталығын түзеді. Біздің талдауымыздағы бұл сипатқа назар аударсақ, "Апамның астауы", "Күлпәштің ұршығы", "Құлашаның шоты еді" әңгімелерінде тақырыпта айырықшаланғаң әрі мәтінге фон болған астау, ұршық, шот автордың мақсатына сай, оны негізгі интенциясына орай қызмет атқарған. Прототиптік мағына, яғни көненің көзі түсінігінің өр ұрпақтағы көрінісі пен жалғастығы "Апамның астауы" әңгімесінде астаудың Апаның төркінінен келген қымбат заты ретінде көрінген, автордың сөзінде былай беріледі: ...бізді, тіпті бізді ғана емес, ертеректе әкемізді, оның іні-қарындастарын асыраған Анамның теректен ойып жасаган келісі мен ескі астауы еді. Осы келі мен астау тіпті әкемнен де үлкен, Апам Алтайдың арғы беті - төркінінен ала келген аса қымбат заттары болатын (266-6.). Осы тұста қазақ әйелдеріне тән төркінінен келген заттарды шешесінің көзі есебінде қадір тұтатын әлеуметтік прототиптік жағдай көрініс тапқан. Туындыда астау апаның көзі сапасында бағаланып, ол мынадай тілдік қолданыспен берілген: жыртық астаудан Апамның алақанын, Апамның қауыздаған талқан-тарысын іздеп тамсанып отырғанымыз; сексен жыл жолдас болған жыртық астау қаңсып қалды; автордың шығарма түйіні де осы астаумен байланысты түйіледі: адам өмірі сол жарық астаудай қаңсып қалады екен-ау. Осылайша дәл осы туынды тақырыбыңдағы астау рәміздік мәнге ие болған да, мынадай тізбекке түскен: астау — кейіпкердің апасының төркінінен келген қимас заты // төркінін қимау, соны затты бағалауымен көрсетуі - астау - кейіпкердің өмірден өткен Апасының көзі ретіңдегі қимасы (Алматыға арқалап әкетеді) - астау - адамның өткінші өмірі. Бұл тұста осы сөздің мінез сөзімен мәндес қолданылғанын туынды мазмұнымен танысқан соң айқындауға мүмкіндік береді. Күлпәштің ұршықша иірілуі зыр жугіріп кетер еді, үйіне қарай құстай ұшып, безіп бара жатқан (үйден шығарда сүт алғанға дейін белі айналып, аяғын әрең қөзғайтын), қолтығына қысқан олжасын зыр жүгіріп апарып тастап, сүйектен жонып істеген ұршығын алып құстай ұшып қайтып келе жатқан, етті асып жеп алған соң ұршығын сұратып жіберген деген қолданыстармен берілген. Бұл жерде ұршық жеңіл, ойсыз, бірақ ақкөңіл жанның мінезінің рәмізі. Оны зыр айналдыратын - іштен-жегенін біреуден олжалау әдеті. Екінші жағынан ұршық — зыр айналған өмір және түрлі жағдайда түрліше сөз сөйлейтін бір типтегі адамдардың қүйтырқы мінезі (Күлпәш пен кейіпкер шешесінің өтірік әрекеттері, Күлпәштің кейіпкерді қырат басында көргендегі сөзі мен шешесіне келіп құтты болсын айтуға келгендегі сөздері, әрекеті). Ал "Құлашаның шоты еді" әңгімесіндегі шот "Апамның астауындағы" астаудың рәміздік мәніндей, яғни Құлаша үшін шот отбасы мүшелерінің көзіндей, бұл туындыда мынадай қолданыстардан көрініс табады: ...Ал былғары қапшығының ішінде әсте де ішім-жем жол азық емес, көненің көзі іспетті: мүйіз сапты жезмойын пышақ, мүйізден жасалган насыбай шақша, ұлтан, тебен ине, біз, тарамыс, сонсоң соншалықты әдемі қаз мойын шот жүретін. Боқшасын күніне бір рет ақтарып, бар жоғын түгендеп қою әдетіне айналган. Осы сүйекке сіңді ғадет Құлашаның қуйрық-жалсыз қалуының салдары сықылданатын. Сонымен қатар осы шот ауылдастардың із-түссіз жоғалған Құлашаны сағына күтуінін белгісі және Құлашаньщ көзі (кейіпкердің үйінде сақталуы).

Талдау нысанына айналған үш әңгіме тақырыптарынын бірдей құрылымдық үлгімен келуі (ілік септігіндегі зат есім тәуелдік жалғаулы зат есім), бірдей синтаксистік байланыс (толымды матасу, синтетикалық) пен бірдей синтаксистік қатынаста (меншіктік/анықтауыштық) көрінуі де, мәтінді құруда автордың оқырманға жеткізбек ойының семантикалык құрылымының бірдейлігінен болса керек.

Сондай-ақ тақырыптың тілдік үнемдеу ұстанымына сәйкес келуі әр уақытта маңызды, себебі ол аз сөзбен көп мән сыйғызады, басқаша айтқанда, дискурс топигі немесе дискурстың макроқұрылымы не тақырыбының астарында тұтастай білім құрылымы бар. Оның құрамына автордың және оқырманның жеке дара сапалары, сонымен қатар белгілі бір ұлттың, қоғамның өкілі ретінде қалыптасқан сапалық қасиеттері көрінетін білімдер жүйесі енеді. Бірінен екіншісіне не басқаларға ауызша не жазбаша түрде тасымалданады. Қабылданып, түсініліп, әркімде жаңа білім сапасында сана құрылымында өзіндік орнын тауып одан әрі жалғасады. Тізбектелген мәтіндер сөйлеуде өз тізбегін құрып бірінен соң біріне көшеді.

Қаниқызы Күлзат. Дискурс тақырыбының когнитивті – функциональды уәждері / Күлзат Қаниқызы // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2007. - №8. – 50 – 54 б.

жоғарғы бет