Артқа

Жауһар туыңдылар

/Виртуалдық көрме/

Көрінуші ең көнелердің көзіндей,
Жазғандырың – қара өлеңнің сөзіндей,
Асқақ едің, атақты едің, нар едің –
Туған өлкең - өр Алтайдың өзіндей.

С. Тұрғынбеков, ақын


Бөкеев О. Қамшыгер. Әңгімелер. «Жазушы» баспасы, Алматы – 1970 136 бет.

«Қамшыгер» жас жазушы Оралхан Бөкеевтің тұңғыш кітабы. Бұл жинаққа өміріміздің әр қырын әңгімелеген «Бура» және «Қамшыгер», «Терісаққан» секілді шығармалары енді. Әңгіме кейіпкерлері өмірдің жеңімпаздығын бейнелейді.

МАЗМҰНЫ





Бөкеев О. Ән салады шағылдар. Повестер мен әңгімелер. Алматы, «Жалын»,1978. 280 бет.

Жұртшылыққа белгілі жазушы Оралхан Бөкеевтің «Ән салады шағылдар» жинағына үш повесі және бір топ әңгімелері енген. Бұл шығармалардың бәрінде де жазушы қазіргі замандастарымыздың тыныс – тіршілігін, арман – мақсатын көрікті ой, шебер тілмен жырлайды.





Бөкеев О. Үркер ауып барады: Повестер мен әңгімелер. – Алматы: Жалын, 1981. – 528 бет.

Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты талантты жазушы Оралхан Бөкеевтің бұл кітабына кезінде оқырмандардың жылы ілтипатына ие болған повестері мен әңгімелері еніп отыр.

МАЗМҰНЫ





Бөкеев О. Өз отыңды өшірме: Роман. – Алматы: Жазушы, 1981. – 384 бет.

«Өз отыңды өшірме» жазушы Оралхан Бөкеевтің роман жанрындағы тұңғыш шығармасы. Автор бұл кітабында қазақ даласында Совет өкіметінің түпкілікті орнату мен Түркістан – Сібір магистралын салудағы қарапайым еңбек адамдарының жанқиярлық ерлігін шежірелейді.

Романның оқиғасы қызғылықты, тілі көркем.

МАЗМҰНЫ




Бөкеев О. Біздің жақта қыс ұзақ: Повестер. – Алматы: Жалын, 1984. – 432 бет.

Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкеевтің бұл жинағына, негізінен соңғы жылдары жазған шығармалары енген. «Бәрі де майдан» повесі Ұлы Отан соғысы кезіңдегі тыл өміріне арналған. Автор өз кейіпкерлерінің басынан өткен шытырман оқиғаларды әсерлі тілмен жеткізеді. Жазушының жинаққа кірген көлемді дүниесі – «Біздің жақта қыс ұзақ» атты егіз повесть. Мұның біріншісі – «Сайтан көпір» деп аталады. Автор бұл шығармасында өмір, тіршілік жайлы философиялық терең толғамдарға барады. Ал екінші повесть «Қар қызы» осыдан біраз жыл бұрын шағын көлеммен жарияланған еді. Автор енді осы шығармасына қайта оралып, оған көптеген жаңа оқиғалар қосып, кеңейтіп ұсынып отыр. Архитекторлар өмірінен жазылған «Жетім бота» повесінде адамның қайта оралмас жастық шағына деген сағынышы, жүрек тебіренісі бар.


Бөкей О. Өнерге өлердей – ақ ғашық едім. Очерктер, көсемсөздер, эсселер. Алматы, «Санат», 1995. – 304 бет.

Елу жасқа жетпей, қайтпас сапарға аттанып кеткен аса дарынды қаламгер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкей көркем шығармалармен бірге әдебиеттің, өнер мен өмірдің келелі мәселелері, жастар проблемалары туралы келісті кесемсөздер, өрелі очерктер, әсерлі эсселер жазған еді. Бұл туыңдылар айшықты тілімен, бедерлі суреттермен, кейіпкер жанының нәзіктігімен ерекшеленеді. Болашақта жазушы,өнертанушы, журналист боламын дейтін жастарға, әдебиет сүйгіш қауымға Оралханнан қалған бұл дүниелер топтастырылып, ұсынылып отыр.

МАЗМҰНЫ


Бөкей О.Тоқадан қалған тұяқ. - Астана: "Таным", 2003. - 80 бет.

Жинаққа жазушының кезінде оқырмаңдар аса жылы қабылдаған "Ауыл хикаялары" деген сериалды әңгімелерінің бірқатары еніп отыр. Мұндағы іріктелген шағын әңгімелер де Оралхан Бөкееевтің үлкен талант иесі болғанын таңытады.








Бөкей О. Таңдамалы шығармалар. 1 – том. Алматы: ҚАЗақпарат, 2003. – 326 бет.

Қазақ әдебиетінің классикалық үлгілері қатарына қосылған небір жауһар туыңдылар калдырып кеткен Оралхан Бөкейдің есімі бүгінде иісі казақ қастер тұтар киелі есімдердің біріне айналды. Оның шығармалары дүниежүзі әдебиетінің тұнығынан жүзіп ішкен орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб, кытай тілдеріне аударылып басылып, биік өркениетті бүкіл дүниежүзі оқырмандарының талғам таразысынан өтіп, шынайы рухани сұранысқа айналды. Қаламгердің екі томдық шығармалар жинағының бірінші томына "Құм мінезі", "Қар қызы", "Жетім бота", "Мынау аппақ дүние" секілді туыңдылары енгізіліп отыр.


Бөкей О. Кербұғы. Әңгімелер мен повесть. – Алматы: Атамұра, 2003. – 204 бет.

Қазақ әдебиетіне жасындай жарқылдап келген Оралхан қаламының табы, сөзінің қуаты қалың оқырманның көңілінен кеткен емес. Оның өшпес рухани дүниелері, әсіресе кейінгі жас буынды мас қылғандай әсерге бөлегені шындық. «.... еркіндігін аңсаған Кербұғы тіпті де өлген жоқ» деп өзі жазып кеткендей, суреткер шығармалары уақыт өткен сайын соны қырынан шуақ шашады.




Бөкей О. Таңдамалы шығармалар. 1 – том. Алматы: ҚАЗақпарат, 2003. – 326 бет.

Қазақ әдебиетінің классикалық үлгілері қатарына қосылған небір жауһар туындылар қалдырып кеткен Оралхан Бөкейдің есімі бүгінде иісі қазақ қастер тұтар киелі есімдердің біріне айналды. Оның шығармалары дүниежүзі әдебиетінің тұнығынан жүзіп ішкен орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб, қытай тілдеріне аударылып басылып, биік өркениетті бүкіл дүниежүзі оқырмандарының талғам таразысынан өтіп, шынайы рухани сұранысқа айналды. Қаламгердің екі томдық шығармалар жинағының бірінші томына «Құм мінезі», «Қар қызы», «Жетім бота», «Мынау аппақ дүние» секілді туындылары енгізіліп отыр.


Бөкей О. Қар қызы: Хикаяттар / Құраст. Р. Мәженқызы. – Алматы: Раритет, 2008. – 280 б. – «Алтын қор» кітапханасы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, өмірден ерте өткен көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің бұл кітабына «Бәрі де майдан», «Қар қызы» және басқа таңдаулы хикаяттар енді. Автор кез келген шығармасында Жақсылық пен Жамандықтың бітіспес күресі арқылы кейіпкерлерінің іші жан әлеміне көбірек үңіліп, әлеуметтік – философиялық ойы салмақты бірегей образ жасайды. Екінші бір ерекшелігі – кейіпкер болмысын табиғат көріністерімен байланыстыра суреттеу. Бұл тұрғыда Оралханды шынайы табиғат жыршысы, өр Алтай өңірін бүкіл сұлу да асқақ келбетімен өрнектеп кеткен нағыз суреткер еді деу керек. Оның стиль даралығы да осы қасиетінде, яғни қара сөзбен жыр кестесін төккен хас шеберлігінде берілген.


Бөкей О. Өз отынды өшірме: Роман. - Алматы: "Өнер", 2010. – 384 бет. -"Қазақтың 100 романы" сериясы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы Оралхан Бөкейдің екі томдық таңдамалы шығармаларының екінші кітабына "Өз отыңды өшірме» романы еніп отыр.








Бөкеев О. Атау-кере (Қауіпті будан). Мұзтау хикаяттар. Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2010. — 320 б.

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары өзінің талантымен жұртты жалт қаратқан Оралхан Бөкеев қолтаңбасы қазақ әдебиеті әлемінен айшықты орнын алды. Оның ойтолғанысына арқау болған жаратылыс құбылыстары ерекше көркемдік бейнелерге айналып жүре беретіні шындық. Романтикалық сарын, драма¬тизм, жаңашылдық пафос айқын сезіліп жататын жазбалары әсіресе жастар жүрегіне отты сезім ұялатып, өмірге құштарлық үмітін оятты. Оның қай шығармасын алсаң да отансүйгіштік рухы менмұндалап тұрады. Көпшілік қауымға ұсынылып отырған бұл хикаяттарыда нағыз шеберліктің жемісі екендігін оқыған жұрт таным-талғамымен таразылай түсері сөзсіз.

Оралхан БӨКЕЙ (1943-1993)

Көрнекті қазақ жазушысы. 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында туған.

Шығармашылық жолы 1970 жылдан басталады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, сондай-ақ бірқатар әдеби сыйлықтардың лауреаты. Алғашқы прозалық шығармалары: «Қамшыгер» (1970), «Үркер» (1971), «Қайдасың, қаска құлыным» хикаяттары мен әңгімелері. «Мұзтау» хикаяты (1975) мен «Өз отыңды өшірме» романы (1981) — қаламгердің үздік шығармаларынан саналады. «Құлыным менің», «Қар кызы», «Текетірес» пьесалары жазушының драматургиядағы ізденістерінің жемісі болып табылады.


жоғарғы бет